Меню KDT

logo.png?_=1713164499

КГУ «Жайсанская средняя школа» Шуского районного отдела образования Управление образования Жамбылской области
  • kz
  • ru
  • Егемен еліміздің ресми рәміздері - ту, елтаңба және Гимн болып табылады. Мемлекеттік рәміздерде халқымыздың бірлік пен келісімге деген ұмтылысы, елдегі қоғамдық құндылықтар және Отанымызға деген ұлттық мақтаныш көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, құрметтеу мақсатында Жайсан орта мектебінің 5 "А", "Ә" сынып жетекшілері А.Қ.Абике мен Э.Қ.Қайырғалиұызының ұйымдастыруымен "Еліміздің Рәміздерін қастерлейік!" тақырыбында тақырыптық әңгіме өткізілді.
    Мақсаты: Білім алушылардың Елтаңба, Туғ Гимн туралы түсініктерін дамыту. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмететуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

    Аталған тақырып аясында білім алушыларға түрлі сұрақтар қойылып, сұрақ бойынша постерлермен жұмыс жасалды. Сондай-ақ, оқушылар өлең-шумақтар мен мақал-мәтелдерді айтып жарысқа түсе білді. 
    Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық - деп өз ойларын түйіндеді.

             




    14.10.2024 жылы  Жайсан орта мектебінде "Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тігілген ту" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 
    Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлардың ерліктерін түсіндіру. Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
       
            

                      Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру - қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан-салалы үдерістерді өзектендіру мақсатында Жайсан орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогы Абике Асель Кабылжановна 10-сынып білім алушыларын №10 Шу колледжіне апарып қайтты.
                     Іс шара барысында колледж басшысы Мусаева Токжан Тохтарбаевна бізді жылы шыраймен қарсы алып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орындасары Омараова Динара Уалихановна колледжінің білім беру бағдарламалары мен оқушылар үшін берілетін мүмкіндіктер туралы сөз қозғап қатысушыларға кәіптік бағдар бойынша кеңестер берді.
                    Оқушыларға колледждергежаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы таныстырылып, студенттер мен оқытушылар құрамы, материалдық- техникалық база мен оқу шеберханалары мен студенттер жатақханасы көрсетілді. Біл оқушыларға жұмысшы мамандықтарының тартымдылығы мен болашақтағы перспективаларын айқын түсінуге көмектесті. 

                  

                   

            Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген 
                                        "Өз елім менің" атты әдеби кеш

                                                                                 "Біздің арамызда ең көп оқитын,
                                                                                                          көп білетін ақын - осы Қадыр.
                                                                                                         Біздің арамызда көп ізденетін,
                                                                                      сол іздегенін көбірек табатын да Қадыр"
                                                                                                                    Тұманбай Молдағалиев

                    Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы "Шабыт" жобасы негізінде Жайсан орта мектебінде "Өз елім менің" тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
                   Бүгінгі әдеби кеш мысқылы мірдің оғындай, жазғаны жасын отындай, халқы құрметтеп, қазақтың қадірі атанған, білімдарлығымен баршаны бас идіріп, ақындығымен тәнті еткен, сөз өнерінің майталманы, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерейтойына арналды.
    Әдеби кештің мақсаты - Қадыр Мырза Әлінің әдеби мұрасын ұлықтау, поэзиясының тереңдігін, ойшылдығын және халыққа деген адал қызметін көрсету. Өлеңдері мен жырлары арқылы қазақ халқының рухани байлығын паш ету.
                  Шығармашылығы даналықпен дараланған ақынды ұлықтауға арналған әдеби кеш ұйымдастырушы педагог Даулетказина Мадина Алдабергенқызының ұймдастыруымен өткізілді.
                 Кеш отырысында білім алушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, өлеңдерін оқып, күй шертіп, жыр шумақтарын оқыды. Ақынның өлеңдері мен нақыл сөздері халқымыздың рухани мұрасы, өмірлік ұстанымға айналған асыл қазынасы болып қала бермек. Қазақтың маңдайына біткен дана ақын, Қадыр ақын дүниеден өткенімен, оның артында бай және мол мұрасы қалды. 
                Өзінің бүткіл саналы ғұмырын туған халқына арнап, перзенттік адал махаббат, ыстық ықылысымен оның ар-намысын поэзия көгіне Ту қылып көтеріп өткен дарабоз ақын Қадыр Мырза Әлі шығармалары - халқымыздың келешегі үшін қаншама ғасырлық өлшеммен қызмет етерліктей, теңдесі жоқ құндылық.
               Қаламының қуатымен, дара дарынымен, ұшқыр ойымен сан қабат тіршіліктің кейбір келеңсіз көріністерін өткір сынай отырып, халқының бар қадыр-қасиетін, мінез-келбетін Қадырдай көрсете білген талант кмде-кем. Ендеше, оған ел құрметі де мәңгілік !
    Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы - қарапайымдылық пен тереңдікке толы әлем. Ол адамдық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ санасына ұлттық рух пен тәрбие сіңіре білді. Ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Қадыр Мырза Әліге тағзым етіп, оның мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу - біздің міндетіміз.
               Шырайлы шара Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған Ескендір Хасангалиевтың "Атамекен" әнімен аяқталды. Осындай тамаша кештің өтуіне зор үлесін қосқан 5 "Ә"-сынып ата-аналарына зор алғыс білдіреміз !


                                                                 Жайсан орта мектебі
                                     Жалпы ата-аналар, Қамқоршылық кеңес жиналысы


                           Мектеп директорының 2024-2025 оқу жылы бойынша мектепке 
                                 атқарылған жұмыстардың жылдық қорытынды есебі

            
                    




                        2025 - 2026 оқу жылында білім беру ұйым жұмысының
                                          басым бағыттары туралы шешім

                                                   https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/%D1%88%D0%B5%D1%88%D1%96%D0%BC%20001.jpg?_t=1757013720


            

               Бүгін - Білім күні. Бұл - әр баланың көкірегіне нұр құйылып, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтайтын, ір ата-ананың мерейі таситын қуанышты күн. 
               Осы орайда Жайсан орта мектебі білім нәрімен сусындайтын шәкірттеріне есігін айқара ашты. Білім ордасында жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушылардың қатысуымен "Мектебім  - мейірім мекені"  тақырыбында салтанатты іс-шара өткізілді. 
                Аталған іс-шараны мектеп директоры Абуев Ерлан Нұрқасымұлы ашып, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге жылы лебізін білдірді. 
                 Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Бұл - еш дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Бабаларымыз да "Білімдінің  күні жарық "  деп бекер айтпаса керек. Ендеше, баршаңызға білім күні құтты болсын! Қадамыңа нұр жаусын, жас бүлдіршін.

             

                                                            



                                                                       Отан - отбасынан басталады
       Отан - отбасынан басталады! Біз қызметтеріміз бен армандарымызды, құндылықтарымызды алдымен отбасымыздан үйренеміз. Отбасы - макроқоғамның кіші әлемі, онда махаббат пен құрмет, сенім мен жауапкершілік пайда болады. Мықты Отбасы - мықты Елдің негізі. Сондықтан әрқайсымыз үйімізде, отбасымызда береке мен бірлікті сақтап, болашақ ұрпаққа үлгілі өнеге болайық!

    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2015.22.06%20%281%29.jpeg?_t=1757421118     https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2015.22.07%20(1).jpeg?_t=1757421118 

     https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2015.22.07.jpeg?_t=1757421118     https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2015.22.08.jpeg?_t=1757421118
     

                    "Отбасы - бақыт мекені" атты 8-сыныптың сынып сағаты жоғары деңгейде өтті!*
    Оқушылар отбасы  құндылықтары туралы өз ойларын ашық айтып, шығармашылық жұмыстар арқылы 
    тақырыпты жан - жақты ашып көрсетті. Бұл шара оқушылардың бір - біріне деген сыйластық пен мейірімділік қасиеттерін
    арттыруға бағытталады.
       Отбасы - өмірдің ең қымбат қазынасы! 
                                                                                                                               
      https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.51.jpeg?_t=1757486077    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.52%20(1).jpeg?_t=1757486077   https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.52%20(2).jpeg?_t=1757486077
        
                         "Отбасы бақыт мекені"
    Жайсан орта мектебінде Отбасы күніне арналған тағылымды сынып сағаттары өткізілді.
    10 - сынып оқушылары "Менің отбасымдағы рөлім" аттыпсихологиялық тренингке қатысып,
    отбасындағы өз орнын, жауапкершілік пен сүйіспеншіліктің маңызын түсінді.
    11 - сынып оқушылары отбасы құндылықтарын насихаттайтын бейнероликтер көрсетіп,жылы лебіздерімен бөлісті.
    Бұл іс - шараның басты мақсаты - оқушылардың бойында отбасыға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, берекелі 
    отбасы - бақыттың бастауы екенін ұғындыру болды.
                                                                                                                                                     
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.49.jpeg?_t=1757488841    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.50%20(1).jpeg?_t=1757488841                                                                            
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.50.jpeg?_t=1757488841     https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-09%20at%2014.41.49%20(1).jpeg?_t=1757488841




       5- қыркүйек Қазақстан Халқы Тілдері күні. Шу ауданының білім бөліміне қарасыты Жайсан орта мектебінде "Тілдер мерекесіне" ұйымдастырылған 
    жоспар аясында "Туған тілім - тұғырым" атты мерекелік концерт өтті. Өнерпаздар ән айтып, би билеп, ана тілінің қадірін көрсететін әдеби монтаждарын ұсынды.ана тілімізді ардақтау және өзге тілдерді де сыйлау қажеттілігі туралы тәрбиелік мағыналы сөздер айтылды.
                                                                              
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-12%20at%2009.32.05%20%281%29.jpeg?_t=1757661705     https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-12%20at%2010.14.33.jpeg?_t=1757661705
                                                                     
    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-12%20at%2010.14.35%20(1).jpeg?_t=1757661705    https://cdn1.kdt.kz/files/sites/1711371769879440/files/WhatsApp%20Image%202025-09-12%20at%2010.14.35%20(2).jpeg?_t=1757661705

           

    Содержимое страницы

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки