Тоғызқұмалақ - ақыл-ой ойыны "Тоғызқұмалақ - бұл біздің ұлттық құндылығымыз, мақтанышымыз. Тоғызқұмалақ ойыны - күннен күнге жер шарында танымал болып, спорт сүйер қауымның көлемі артуда. 9-қыркүйек (тоғызқұмалақ) аясында бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдай отырып Жайсан орта мектебінің 5-8 сынып білім алушылары тоғызқұмалақ ойынын ойнауда. "
"Мемлекет басшысының Жолдауы - ел болашағының бағдары"
Бүгінгі Жолдау - жаңа даму кезеңінің айқын бағыты. Президентіміз білім беру сапасын арттыру, мұғалім мәртебесін көтеру, ауыл мектептерін дамыту сынды маңызды мәселелерге ерекше назар аударды. Бұл біз, ұстаздар үшін - үлкен жауапкершілік пен сенім.
*Жас ұрпаққа сапалы білім беру - елдің жарқын болашағының кепілі.
*Цифрландыру мен инновациялық әдістер - заманауи білім берудің негізгі құралдары.
*Ұстаздарға жасалып жатқан қолдау - кәсіби дамуға үлкен мүмкіндік.
Мен бұл бастамаларды толық қолдаймын. Ендігі мақсат - білім арқылы ұлт болашағына үлес қосу!